Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Тәуелсіздік-айбынды ұлттың азаттығы!” атты мерекелік шара өтті!

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Тәуелсіздік-айбынды ұлттың азаттығы!” атты мерекелік шара өтті. Жиында Тәуелсіздік рухын асқақтатып, Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалар арнайы қонақ болып, зұлмат кезеңді тебірене еске алып, өз естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар шара барысында университетіміздің бірқатар қызметкерлері мерекелік құттықтау және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиын ары қарай мерекелік бағдарламамен жалғасты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!