Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Хабарландыру

Әдеби кітап оқу сайысы

Сайыстың басты мақсаты – ұстаздарды әдеби кітаптар оқуға тарту, қатысушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау.

Оқуға ұсынылатын кітаптар – Әке (Қаржаубай Омарұлы), Ұшқан ұя (Бауыржан Момышұлы), Ұлпан (Ғабит Мүсірепов)

Сайыс форматы: Оқытушылар және қызметкерлер командаларға бөлініп, таңдалған оқулықтар бойынша сайыс күні өзге қатысушылар алдында қорғау (шығармашылық форматта)

Сайыс күні: 28.11.2025 / 11:00

Сұрақ-жауап:

– Белгілі бір кітап бойынша сұрақтар қойылады, қатысушылар жауап береді.

– Жюри немесе басқа қатысушылар кітап туралы сұрақтар қояды. Сұрақтар кітаптың мазмұнын терең түсіну үшін болу керек.

Қорытынды және талқылау

– Сайыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар бірлесе отырып, өздері оқыған кітаптар туралы пікірлерін ортаға салып, талқылайды.

Жарыс өткізу орны:

– Халықаралық туризм және меймандостық университеті кітапханасы (Бас ғимарат)

Сыйлықтар мен марапаттар

Қатысушыларға және жеңімпаздарға қатысқандықтары үшін алғыс хат немесе арнайы сыйлықтар марапаттар тағайындалады.

Қорытынды және марапаттау:

Сайыс соңында жюри жеңімпаздарды жариялап, марапаттау рәсімі өткізіледі

Барша университет қызметкерлерін кітап оқуға шақырамыз!Конец формы

Құрметпен,

Кітапхана бөлімі

презентация